Атырауда газ баллонының жарылуынан бір адам ауыр жарақат алды

© Мgorod.kz

Атырауда көп қабатты үйде газ баллоны жарылды. Төтенше жағдайдан бір адам ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, оқиға 23 мамырда таңғы 8.00 шамасында болған. Атырау ТЖ басқармасының басшысы Михаил Хагай газ баллонының жарылуы тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болғанын айтты. "Тұрғын үйдегі адамдар эвакуацияланды. Дегенмен, жарылыс болған пәтердің иесі, 1990 жылы туылған азамат ауыр жарақат алды", - деді ол.

Облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Аяна Егізбаеваның айтуынша, зардап шеккен жігіттің жағдайы өте ауыр. "Ауруханаға жеткізілген 25 жастағы жігіттің жағдайы өте ауыр. Беті, мойны мен мойнының төменгі жағы қатты күйген. Денесінің 90 пайызын күйік шалған", - деді ол.

Реклама
Реклама

Қазір оқиға орнында Атырау облысы ІІД жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама