Атырауда өз келінін балағаттаған енесіне айыппұл салынды

Атырауда өз келінін балағаттаған енесіне айыппұл салынды © newstaraz.kz

Атырауда ?йел адам келінін бала?атта?аны ?шін айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Махамбет ауданды? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы азамтшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әйел 2016 жылдың қыркүйек айында бұрынғы келінінің ар-намысына тиетін дөрекі сөздер айтып, былапыт сөйлеп, яғни, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Реклама
Реклама

Сот істің мән-жайларын зерттеп, сот әйел адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама