Атырауда полицей пара алып жатқан жерінде ұсталды

©Tengrinews.kz коллажы

Атырауда пара ал?ан полицей ?сталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?алалы? № 2 сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Атырауда пара алған полицей ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық № 2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау қаласының № 2 сотының тергеуші судьясы облыстық Ішкі істер департаменті Индер аудандық бөлімінің аға тергеушісіне қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады. 

"Тергеу нұсқасы бойынша, полицей ер адамнан ұлына қатысты тергеуді тоқтату үшін 90 мың теңге пара алған. Сонымен қатар, тергеуші жігіттің білім алып жатқан мекемесіне де хат жібермеуге уәде берген, - делінген сот хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тергеушіні пара алып жатқан уақытта ұстады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама