Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан шахтаның лифтіне құлап кеткен

© Атыраудың азаматтық қорғау басқармасы

21 мамырда кешкі уа?ытта Атырауда?ы Алмаг?л ы?шамауданында ?ай?ылы жа?дай болды. Екі жас?спірім абайсызда 15-?абаттан шахтаны? ж?к тасымалдайтын лифтіне ??лап кеткен. Б?л туралы Атырауды? Азаматты? ?ор?ау бас?армасыны? ?кілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 мамырда кешкі уақытта Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне құлап кеткен. Бұл туралы Атыраудың Азаматтық қорғау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай №19 үйде болған. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза болған. Ал екінші жасөспірім, расталмаған мәліметтерге қарағанда, кейінірек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Жүк тасымалдайтын бұл лифт жұмыс істемей тұрған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Instagram желісіндегі atyrau_video парақшасында жарияланған видеода оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің келгенін көруге болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама