Атырауда Toyota аялдамаға соғылып, 6 адам зардап шекті

© atpress.kz

Атырау ?аласында Toyota маркалы к?лік адамдар т?р?ан аялдама?а со?ылды. Со??ыны? ?атты бол?аны соншалы?, к?лік аялдаманы ?иратып ?кетті. Ку?герлерді? айтуынша, аялдамада т?р?андарды жан-жа??а ?шырып алып кеткен, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау қаласында Toyota маркалы көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік аялдаманы қиратып әкетті. Куәгерлердің айтуынша, аялдамада тұрғандарды жан-жаққа ұшырып алып кеткен, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Жол-көлік оқиғасы 19 маусымда, Азаттық пен Әліпов көшелерінің қиылысында"Санаторий" аялдамасында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты жайлы хабар кешкі сағат 20:26- да түскен, бригада оқиға орнына 20:30-да жеткен.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан 6 адам жарақат алды. Нәтижесінде екі адамның миы зақымданып, жамбастың ашық сынуы және іштің жарақатын алған. Тағы төрт адам түрлі жарақат алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама