Атырауда тұрғын үйдің шатыры автокөліктерге құлады

Атырауда тұрғын үйдің шатыры автокөліктерге құлады Видео кадрынан

Атырау қаласының маңындағы Балықшы ауылында жел бесқабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұрғын үйден көлемі 125 шаршы метр болатын шатыр ұшып кетті. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ шатыр құлаған кезде үш жеңіл көлікті бүлдірген. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Жарнама
Жарнама

ТЖК ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай 14.00 шамасында болған. Желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама