Атырауда жартылай жалаңаш күйде іш киім жарнамалаған қыздарға қатысты сот үкімі шықты

© Тengrinews.kz

Атырауда жартылай жалаңаш күйде іш киім жарнамалаған қыздарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыс орталығындағы дүкендердің бірінің алдында әйелдердің іш киімін жарнамалаған жартылай жалаңаш Полина Тұрғанбаева мен Ирина Латыфоваға қатысты істі қарады.

"Сот оларды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") айыпты деп танып, әрқайсысына 19 820 теңге көлемінде айыппұл салды. Сотта анықталғандай, олар бұған дейін де осындай акцияларға бірнеше рет қатысқан болып шықты", - делінген соттың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, жақында жергілікті "Ақ Жайық" газетінің сайтында жарнама жасау мақсатында жартылай жалаңаш билеп тұрған екі қыздың бейнежазбасы жарияланған болатын. Жастары жиырмаға енді ғана толған "бишілердің" Маңғыстау облысынан екені анықталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама