ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2015 16:49
Атырауда жартылай жалаңаш қыздар қоғамдық орында іш киім жарнамалады
Атырауда жартылай жалаңаш қыздар көшеде іш киімді жарнамалады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Редакцияға ұялы телефонмен түсірілген видео кадрларын оқырман жіберді. "Атыраудағы Махамбет көшесінде әйелдерге арналған іш киім осылай жарнамаланды. Бұл жарнама қалалықтардың назарын аударды, бірақ жарнама жасаушылардың мақсаты әйелдер болуы керек еді", - деп жазды басылым.
Бір минутқа созылатын видеода жартылай жалаңаш қыздардың дүкен маңында би билеп жатқаны көрінеді. Бұл әйелдердің іш киімін сататын "Бюстье" дүкенінің алдында болған оқиға.
Ал екінші видеода шетелдік номер тағылған көліктің жанында іш киім киген екі бойжеткен қоғамдық орында тұрпайы әрекет жасайды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу