Атыраудың Теңіз вахта ауылында жатақхана өртеніп жатыр

© instagram.com

Атырау облысыны? Те?із ауылында 6-12 жата?ханасы ?ртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау облысының Теңіз ауылында 6-12 жатақханасы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ауданы 700 шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат өртенген. Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметінің мамандары оқиға орнына 3 арнайы техниканың жіберілгенін және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылғанын айтты. Өрт туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 11.47-де түскен. Өрт аумағы нақтыланып жатыр. 

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қолда бар мәліметтер бойынша, жұмысшылар ғимараттан шығып үлгерген. 

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды, онда куәгерлер өрттің келесі жатақханаларға көшу қаупі барын айтады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама