Атышулы видеоның кейіпкері болған полицей жазаланады

Роликтің кадры

Полицияда ?ызметтік к?лігімен жол-к?лік о?и?асына себепкер бол?ан капитан?а ?атысты ?ызметтік тексеріс ж?ріп жатыр, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Жамбыл облысты? ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап.

Полицияда қызметтік көлігімен жол-көлік оқиғасына себепкер болған капитанға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде полиция капитаны жүргізген қызметтік көлігімен бір автомобильді соққаннан кейінгі видеосы пайда болған еді. Видеода полицей видеоға түсірмеуді сұрап, жөндеп беруге уәде береді. 

Реклама
Реклама

ІІД өкілдері жол-көлік оқиғасын растап берді. Сөйтсек, қызметтік көлікті Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміндегі жергілікті полицияда қызмет ететін капитан жүргізген. "Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша материалдар Жамбыл облыстық ІІД-нің тәртіп жөніндегі комиссиясына полиция қызметкерін тәртіптік жазаға тарту бойынша шешім шығару үшін жіберіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.  

Полиция өкілдері жол-көлік оқиғасының Тараздағы Төле би көшесінде болғанын атап өтті. Капитан 32 жаста, ол 2009 жылдан бері полиция қызметінде екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама