ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 маусым 2023 10:20
Аударылып қалған: Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 25 маусымда сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252-шақырымында Mercedes тізгіндеген 39 жастағы әйел рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты.
"Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу