15 қазан 2021 17:38

Ауғанстан мешітінде жарылыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагар қаласындағы ең үлкен шиит мешітінің маңында жарылыс болып, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагар қаласындағы ең үлкен шиит мешітінің маңында жарылыс болып, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жарылыс жұма намазы кезінде қала орталығындағы Имам барах мешітінде болған, әдетте бұл мешітке көп адам жиналады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында қаза тапқандар көп.

Реклама
Реклама

"Қазір біздің ауруханаға 7 қайтыс болған адам мен 13 жараланған адам жеткізілді", - деді Орталық қалалық аурухананың дәрігері.

ІІМ өкілі Кари Саид Хосте билік жарылысты тергеуді бастағанын айтты.

Топтардың ешқайсысы жарылыс үшін жауапкершілік алмағаны атап өтілді.

Еске салайық, шамамен 10 күн бұрын Ауғанстандағы мешітте террорист 100-ден астам адамды өлтірген. "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Кундуз провинциясындағы жарылысты айыптап, кінәлілерді жазалауға уәде берді. Жарылыс үшін жауапкершілікті ДЖАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өз мойнына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram