ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 17:48
Ауғанстандағы аурухана маңында лаңкес 19 адамды өлтірді
Кабулдағы аурухана маңындағы жарылыс нәтижесінде 19 адам қайтыс болып, 50 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кабулдағы аурухана маңындағы жарылыс нәтижесінде 19 адам қайтыс болып, 50 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Ауғанстанның Bakhtar агенттігінің ақпараты бойынша, Кабулдағы ауруханаға шабуылды "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырлары жасаған (Қазақстанда тыйым салынған).
"Лаңкестің шабуылы Денсаулық сақтау министрлігінің маңында орналасқан 400 орындық ауруханада болды", - деді оқиға куәгері агенттікке.
Сондай-ақ, куәгерлер аурухана ғимаратына кірген лаңкестер тобы мен тәліптер (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) арасында қақтығыс болғанын айтты.
"19 мәйіт пен 50-ге жуық зардап шеккен адам Кабул ауруханаларына жіберілді", - деді агенттікке шенеуніктердің бірі.
"Талибан" өкілі Билал Каримидің айтуынша, сейсенбіде Кабулдағы ауруханада екі жарылыс болған. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости оқиға орнына арнайы жасақ барғанын айтты.
Қазақстан СІМ қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.
Еске салайық, қазанның басында Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы шиит мешітінде лаңкес 100-ден астам адамның өмірін қиған еді. Лаңкестер ең көп адам жиналатын күнді арнайы таңдаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также