01 ақпан 2022 | 19:20

Ауруханада тастап кеткен: дәрігерлер 2 жасар бала туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Медицина қызметкерлері екі жасар тастанды балаға тәулік бойы ерекше қамқорлық көрсетеді. Бұл туралы Алматы қалалық №2 балалар ауруханасының қызметкері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медицина қызметкерлері екі жасар тастанды балаға тәулік бойы ерекше қамқорлық көрсетеді. Бұл туралы Алматы қалалық №2 балалар ауруханасының қызметкері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың әкесі медициналық мекеме қызметкерлеріне бала 2020 жылдың 17 шілдесінде дүниеге келгенін айтқан.

"Әңгіме барысында олардың тұрғылықты жері жоқ екені және бала туғаннан бастап құжаты жасалмағаны белгілі болды. Сондықтан баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында біздің ауруханаға жатқызылды. Себебі тастанды болса, үш жасқа дейінгі балалар қаланың барлық ауданынан №2 балалар ауруханасына жеткізіледі. Бұл бала тәулік бойы медициналық қызметкерлер мен дәрігерлердің ерекше бақылауында және қамқорлығында", - деді аурухана қызметкері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жазба авторы Айдана Аллажарқызы заңды бұзып, баланың суретін жариялағаны айтылды.

"Айдана Аллажарқызының әрекеті, яғни екі жасар баланы видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауы баланың ар-намысы мен жеке өміріне қол сұғу ретінде саналады", - деді аурухана қызметкері.

Бұған дейін қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатқаны хабарланды. Баланың ата-анасы әлі күнге дейін баланы ауруханадан алып кетпеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная