Аустралияда ер адам қолтырауын шабуылынан аман қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elements.envato.com

Аустралияда қолтырауын 60 жастағы ер адамға шабуыл жасаған, ол жыртқышпен пышақтың көмегімен күрескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Аустралияда қолтырауын 60 жастағы ер адамға шабуыл жасаған, ол жыртқышпен пышақтың көмегімен күрескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Квинсленд қоршаған орта және ғылым департаменті жыртқыштың шабуылы ер адам өз учаскесінде балық аулап отырған кезде болғанын хабарлады. Балықшы өзен жағасында тұрған бұқаны қуып тастағысы келген. Кенет қолтырауын балықшыға шабуыл жасап, екі аяғынан ұстап, суға қарай тартуға тырысқан.

Ер адам ағаш бұтақтарын біраз уақыт ұстап тұрған, бірақ қолы әлсіреген кезде, белінен пышақ алып, қолтырауынның басына соққы бере бастаған.

Реклама
Реклама

Жыртқыш кейін шегініп, балықшы ауруханаға барған. Қазір ол жарақаттарын емдетіп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, басында қолтырауынды бұқа қызықтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная