Ауыр қылмыс жасады деген күдікті әйел Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ауыр қылмыс жасады деген күдікті әйел Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды видео кадры

Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген тұлға Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген тұлға Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жаса деген күдікті Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады.

"Күдікті Астанада World Busines Consulting қаржы пирамидасының құрылымын басқарды, оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтарменжоғары пайда алуды сылтауратып, 6,5 млрдтеңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан. Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Көрсетілген қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама