Ауылда іші пысып, Алматыға қашып кеткен қыз отбасына қайтарылды

© pexels.com

Тал?ар полициясы Алматыда ?йінен ?ашып кеткен мектеп о?ушысын тауып, ата-анасына ?айтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар полициясы Алматыда үйінен қашып кеткен мектеп оқушысын тауып, ата-анасына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер 15 қарашада Талғар аудандық ІІБ-не Бесағаш ауылында тұратын ерлі-зайыптының қызы жоғалып кеткені жайлы хабарлағанын айтты.

ІІД мәліметінше, қыз бір тәулік бұрын жоғалып кеткен. Ата-анасының айтуынша, ол осыған дейін бұлай жасамаған. Осыған байланысты аудандық полициядағылар жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Реклама
Реклама

"Іздестіру щаралары барысында 15 жастағы мектеп оқушысы Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінен табылды. Қыз аман-есен, үйіне қайтарылды. Қыздың айтуынша, ол үйден іші пысқандықтан кетіп қалған", - деп хабарлады облыстық полицияның өкілдері.

 



Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама