04 қаңтар 2024 16:12

Автобус 10 көлікті соққан: Тараздағы ірі жол апатының видеосы пайда болды

видео кадры

Әлеуметтік желіде Таразда болған ірі жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Таразда болған ірі жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға сәті автобустың бейнетіркегішіне түсіп қалған. Кадрларда автобус жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 көлікті қалай соққаны көрсетілген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жол апаты 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында болған. Полицейлердің мәліметінше, Төле би даңғылында №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, тоқтап тұрған көліктерге соқтығысқан.

Автобуста 10 жолаушы болған. 56 жастағы жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram