Автобус апатынан тірі қалған бес адамның жағдайы белгілі болды

© ҚР ІІМ ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов

А?т?бе облысында бол?ан ?рттен зардап шеккендер орта де?гейдегі к?йік ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облысында болған өрттен зардап шеккендер орта деңгейдегі күйік алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бес адам орта деңгейдегі күйік алған. 52 адам қаза тапты", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым.

Реклама
Реклама

ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы Жансая Қазиеваның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер Ақтөбеге жеткізіліп жатыр.

Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама