"Автобус жүргізушісі дөңгелегінің желі шыққанын байқамаған" - автопарк директоры

?аскеле?дегі автопарк ?кілдері №303 ба?ытта?ы автобусты? неліктен д??гелегіні? желі шы?ып кеткен к?йде жолаушыларды тасымалда?анын т?сіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаскелеңдегі автопарк өкілдері №303 бағыттағы автобустың неліктен дөңгелегінің желі шығып кеткен күйде жолаушыларды тасымалдағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан №303 автобустың бір жақ шетке қисайып бара жатқанын және артқы дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқауға болады.

Реклама
Реклама

"№303 автобус жолаушыларға лық толы болды. Адамдар автобуста отырса да артқы дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамады. Адам тола болғандықтан солай келе жатқан шығар деп ойлайсың. Міне, осылай адамдардың, балалардың өміріне қауіп төндіріп жатыр!", - деп жазған қолданушылар әлеуметтік желілерде.

Қаскелең автопаркінің өкілдері болса автобус жүргізушілерінің дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамағанын айтып отыр.

"Жүргізуші автобус дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқамаған. Мұны тек соңында көрген. Ешқандай төтенше жағдай болмады. Бір жақта бұрыламын деп дөңгелекті соғып алған болар. Автобустың дөңгелектерін ауыстырдық, автобус қайта жолға шықты. Бригадирге ескерту жасалды", - деді "Қаскелең автобус паркі" ЖШС атқарушы директоры Асанбек Садыркұлов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама