Автомобилін сатпақ болған қарағандылық қыз әлеуметтік желі арқылы іздестіріліп жатыр

Автомобилін сатпақ болған қарағандылық қыз әлеуметтік желі арқылы іздестіріліп жатыр

Қарағандыда автомобилін сатпақ болған қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 16 шілдеде болды. 1987 жылғы Ирина Шевченко кешке қарай жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған. Қыздың туыстары полицияға хабар берді.

Қыздың жоғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде жарияланды. Ирина автокөлігін Сергей есімді белгісіз ер адамға көрсетпек болған. Қыздың таныстарының мәліметінше, сатылатын BMW 316 автомобилінің рулінде ер адам болған. Көлік М852SDM мемлекеттік номермен тіркелген.

Хабарлама авторлары Ирина Шевченконың телефоны сағат 21.00-ден бастап қоңырау қабылдамағанын айтты. Қыздың жақындары автомобильдің бүгін табылғанын, дегенмен Ирина жөнінде ешқандай ақпарат жоқ екенін хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама