Әйелі жоғалып кеткенін хабарлаған. Маңғыстауда көлік жүргізушісі өлі табылды

Видеодан алынған кадр

Маңғыстауда автокөлік жыраға құлап, жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada порталына сілтеме жасап. 

Маңғыстауда автокөлік жыраға құлап, жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada порталына сілтеме жасап. 

8 қыркүйекте сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне бір әйел хабарласып, күйеуі жоғалып кеткенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз Opel Vectra көлігімен жолға шыққан. Екеуі телефонмен уақыт өте сөйлесіп тұрған, алайда кейін байланыс жоғалып кеткен. 

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Келесі күні таңғы сағат 09:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары көлікті Қызыл-Өзен ауылының маңынан тапты. Автокөлік жыраға құлап кеткені белгілі болды. Көліктің салонында жүргізуші ғана болған", - делінген басылымда.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама