ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2023 | 12:16
"Азаматтарға арналған үкімет" басшысы Шымкент филиалындағы тінтуге қатысты пікір білдірді
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдинге Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйекте Шымкенттегі филиалда жүргізген тінтулер туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер ҰҚКД қызметкерлерінің "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы кеңсесінде тінту жүргізуіне не себеп болғанын корпорация басшылығы біле ме деген сұрақ қойды.
"Сұрау жібердік (Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – еск.). Жауап күтіп отырмыз. Филиал сұрау жіберді, бірақ әлі жауап келген жоқ. Қандай мәселе бойынша келді, себебі неде, т.б. (туралы сауал)", - деп жауап берді Сүйеніш Әбділдин.
ҰҚК департаменті мемлекеттік корпорация филиалындағы мүлікті қалпына келтіре ме деген сұраққа Әбділдин қысқаша жауап берді: "Білмеймін".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также