Әжетханаға шығып жоғалып кетті: 18 жастағы атыраулық қызды Қызылордаға алып кеткен

?жетхана?а шы?ып кетіп, сол к?йде жо?алып кеткен 18 жаста?ы Алина ??рманалиева ?ызылордадан табылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Әжетханаға шығып кетіп, сол күйде жоғалып кеткен 18 жастағы Алина Құрманалиева Қызылордадан табылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Атырау облысының полициясы қыздың қайда екенін ұялы телефон арқылы анықтаған. Алты күннен кейін тәртіп сақшылары қызды Қызылордадан тапқан. 

"Сіңліміз жоғалып кеткенде бізбен бірге алаңдаушылық білдіргендердің барлығына алғысымды айтқым келеді. Жақсы жаңалығым бар - оны Құрманғазы ауданының полицейлері аман-есен тапты. Осындай жақсы жаңалық, қолдау білдіргендер мен жылы сөз айтқандардың барлығына рақмет", - деп жазыпты әлеуметтік желі арқылы Алинаның әпкесі Мира Құрманалиева. 

Реклама
Реклама

Туыстарының сөзінше, ол жігітімен Қызылордаға кетіп қалған, ал ата-анасы іздеу салғаннан кейін оларға хабарласып, амандығын айтқан. 

Еске салайық, қыз бала 2018 жылдың 5 мамырында жоғалып кеткен. Жекеменшік үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан ол сол күйде оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін ауылдағы аялдамада қыздың жеке куәлігі табылған. Осыдан кейін қыздың ата-анасы Құрманғазы ауданының ІІБ-не арыз жазған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама