Байқоңырдағы жалғыз сауда орталығы өртеніп кетті

Куәгерлер жолдаған сурет

Байқоңырдағы жалғыз сауда орталығы "Еуразия" өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Оқиға Астана уақыты бойынша сағат 2.45-те басталған. Куәгерлердің айтуынша, олар түнде қатты шыққан дыбыстарды естіп, көшеге шыққан. Кейін газ баллонының жарылғаны анықталды. Өрт барда басталып, 3 және 4-корпустарға өршіген, сонымен қатар, басты корпус та отқа оранды. Шатырдың кей жерлері опырылып түсті.

Реклама
Реклама

Өрт таңғы сағат 7-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Байқоңыр қалалық өрт сөндіру қызметі мен Ресей ТЖМ жұмыс істеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама