"Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы Желіде пайда болды

"Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы Желіде пайда болды видеодан үзінді

 ?аламторда Алматыны? "Байсат" базарыны? шатыры ??лап, сауда орталы?ын ?ар басып ?ал?ан видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оны ба?ылау камерасы т?сіріп ал?ан. Видеоны? кадрларында шатырды? ??лап жат?ан с?тінде адамдарды? ?ашып жат?анын к?руге болады. 

 Ғаламторда Алматының "Байсат" базарының шатыры құлап, сауда орталығын қар басып қалған видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оны бақылау камерасы түсіріп алған. Видеоның кадрларында шатырдың құлап жатқан сәтінде адамдардың қашып жатқанын көруге болады. 

 

Осыған дейін Алматы қаласының ТЖД мәлімдемесінде үш адамның зардап шеккені хабарлаған болатын. Құтқарушылардың мәліметінше, сауда сатуға арналған контейнерлерді жауып тұрған металдан жасалған шатырдың аумағы 720 шаршы метр болған. 103 қызметінің көмегіне екі адам жүгінген. Бірақ ТЖД-нің кезекші бөліміне ешкім хабарласпаған. Зардап шеккендер Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің мәліметінше, оқиға бүгін шамамен сағат 12.00 кезінде болған. "Ыдыс-аяқ сататын қатарда шатыр құлап, қар басып қалды", - деді куәгер. Оның айтуынша, төтенше жағдай жарияланған. "Қазіргі уақытта көрші базарлардың төбесіндегі қарды жедел түрде тазалап жатыр", - деді куәгер. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама