ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2018 | 16:38
Балаларға ойыншық лақтырған: Алматыда балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Алматыда балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Балабақша тәрбиешісі "Бәйтерек" тобына 3 айлық сынақ мерзімімен 2018 жылдың 17 тамызында қабылданған. 2018 жылы 8 қазанда негізгі тәрбиешінің жұмысқа жарамсыздығы салдарынан оның орнына келген тәрбиешіге қатысты балабақша меңгерушісінің атына ата-аналардан ауызша шағым түскен.
"Ата-аналар шағымы балабақшаның өндірістік жиынында қаралған, педагогикалық этиканы бұзғаны, балдырғандарға дөрекілік көрсеткені үшін Перизат Аязбекова 2018 жылдың 10 қазанында №64 бұйрық бойынша жұмыстан босатылды", - делінген Алматы қаласының білім басқармасының хабарламасында.
Қаланың Білім басқармасы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің басшыларымен, қызметкерлерімен бірнеше жиын өткізіп, онда тәрбиеленушілермен арада дөрекілік фактілеріне жол бермеу, балалардың денсаулығын қорғау талаптарын қатаң сақтау, әсіресе психолигиялық салауаттылыққа ерекше мән беруі жөнінде ескерткен. Ата-аналар тәрбиешіні жазалап, балабақша жетекшісін жұмыстан босатылуын талап еткен.
Ата-аналардың айтуынша, балалар соққы көретінін айтып жиі шағымданатын болған. Олар мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасы түсірген видеоны алған. Біреулер видеоны өшіріп үлгерген, алайда қайта қалпына келтірілді. Ата-аналардың айтуынша, бұл балаларды жазалау ғана емес, өзіндік тәрбие берудің бір жүйесі екен. Видеода тәрбиеші баланың аяғынан басқаны түсірілген. Осылайша ол балалардың тыныш болуын талап етеді екен. Сонымен қатар, педагог балаларға ойыншықтар мен аяқ киімдерді лақтырып, басынан сызғышпен ұратын болған.
Показать комментарии
Читайте также