Баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған

Баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған ©Ярослав Радловский

Ақмола облысының Заречное елді мекенінде көлік жүргізушісі үш жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні ұстады. "Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі елді мекендегі үйлердің біріне қарама-қарсы жерде артқа жүріп, жолдың жиегінде үшдоңғалақты велосипедте отырған үш жасар баланы қағып кетті", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Дене жарақаттарын алған бала Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жүргізуші 1,5 сағаттан соң Көкшетау - Атбасар автожолында қолға түсті. Ол Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Жарнама
Жарнама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама