Баланы тепкілеп, сабаған: ҚР ІІМ жантүршігерлік видеодағы әйелді іздестіріп жатыр

Полиция ?леуметтік желілерде тарал?ан видеода баланы аяусыз саба?ан ?йелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ресми ?кілі Алмас С?дубаев?а сілтеме жасап. 

Полиция әлеуметтік желілерде таралған видеода баланы аяусыз сабаған әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

Таяуда әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай баланы оңдырмай сабаған видеосы тараған еді. Әйел баланы тепкілеп, оған қолымен соққы жасайды. Видеодан әйелдің қолында пышақ барын байқауға болады. 

"ІІМ видеожазбада баланы ұрып-соққан әйелді анықтау үшін барлық қажетті шараны жүргізіп жатыр. Видео Instagram желісінде жарияланған. Барлық мән-жайы анықталғаннан кейін видеодағы тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама