Баланы аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған: ер адам ұсталды

viewings icon
571
comments icon
0
видео кадры видео кадры

Ер адамның баланы аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның баланы аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық бейнеленген видео тарап жатыр. Онда ер адам жерде отырған баланы тепкілеп жатқаны бейнеленген. Кейін ол балаға айғайлайды. Балалар жылап жатыр.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Балаларға жасалған заңсыз әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажет тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Істің тергеу барысы Түркістан облысы бойынша ДПБ басшысының жеке бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная