22 мамыр 2023 | 13:09

"Баланы қағып, ойын алаңына соғылған". Алматыда жол апаты видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда тұрғын үй кешені ауласында жылдамдықпен келе жатқан көлік баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тұрғын үй кешені ауласында жылдамдықпен келе жатқан көлік баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алма-сити-5 шағынауданында болған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларға қарағанда, жүргізуші алдымен жолдың қарсы бетінен жүгіріп шыққан баланы қағып, кейін ойын алаңына соғылған. Оқиға кезінде алаңда басқа балалар болмаған.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасы 20 мамырда сағат 18:30 шамасында "Алма Сити" шағынауданында болғанын хабарлады.

Daewoo көлігінің жүргізушісі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жастағы баланы қағып кеткен. Бала дене жарақаттарымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген.

"ЖКО дерегін Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная