"Баланың басынан ұрған" - Желіде ақтөбелік тәрбиешінің әрекеті талқыланып жатыр

viewings icon 993
видеодан үзінді видеодан үзінді

Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі баланың басынан ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі баланың басынан ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Видеода тәрбиеші тақтаның жанында тұрған қызға айғайлайды. Әйел адам баланы әріп көрсетуге мәжбүрлейді, бірақ қыз жауап беруге қиналады. Тәрбиеші оған айғайлайды. Кейінірек тәрбиеші қажетті әріптерді көрсету үшін тақтаға баланы шақырады. Осы кезде тәрбиеші басқа қызға жақындап, оны құлағынан тартып, тақтаға сүйреп басынан жұдырықпен ұрады. "Қара, Бұл O әрпі емес, У!",- деп айғайлайды әйел балаға.  

Реклама
Реклама

Ақтөбе облыстық білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға Батамша ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында болған. 

"Шыныменде 2018 жылы қыркүйекте Қарғалы ауданында болды. Тәрбиеші осы оқиғадан соң жұмыстан босатылды. Мекеме меңгерушісі де сөгіс алды", - дейді білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. 

Tengrinews
Айдос Қосыбаев
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная