23 мамыр 2022 | 13:35

Баласы төрттік баға алған тұрғын мұғалімді сотқа берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының МАӘС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының МАӘС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алтын белгіге" үміткер павлодарлық 11-сынып оқушысының анасы информатика пәнінен қойылған төрттік бағадан кейін Білім басқармасының үстінен шағымданған. Сот оқушының мүддесін қорғаған.

Даулы төрттік баға туралы істі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Процесс барысында Павлодар қаласының №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей оқушысына информатика пәнінен 6-сыныптың екінші жартыжылдығында төрттік баға қойылғаны анықталған. Нәтижесінде, бұл баға жылдық және қорытынды бағаға әсер еткен.

Реклама
Реклама

"Талапкердің мәліметтері бойынша, бағалардың орташа арифметикалық есебі "5, 5, 4, 5, 5, 4 ,5, 5". Бұл орайда "өте жақсы" деген баға қойылуы қажет еді, бірақ "4" қойылған. Бұл баға 11-сынып бітіретін оқушының "Алтын белгі" алуына кедергі болған", - делінген хабарламада.

Сот іске Білім және ғылым министрлігі өкілін қатыстырған. Министрлік өкілі бағалау орташа арифметикалық есеп бойынша қайта қаралуы қажет деп тапқан.

Мектеп комиссиясы тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға тыйым салатын типтік ережелерге сілтеме жасап, қорытынды бағаны қайта қараудан бас тартқан. Жағдайды шешу үшін сот бұл іске Білім және ғылым министрлігі өкілін қатыстырған. Ал ведомство өкілі бағалау орта арифметикалық есеп бойынша қайта қаралуы керегін айтқан. Бұл ретте тараптар медиативтік келісімге келіп, татуласқан.

"Оқу орны мектеп комиссиясының отырысында оқушының даулы бағасын қайта қарап, тиісті органдарға оның "Алтын белгіге" үміткер болу құқығын растайтын мақтау қағазын, басқа да қажет құжаттарын ұсыну үшін хаттамалық шешім жіберуде шаралар қабылдауға міндеттелді", - делінген хабарламада.

Жауапкер медиатив келісімді қысқа мерзімде орындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная