Баласын бейтаныс жігітке беріп кеткен келіншек ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

25 Желтоқсан 2014, 00:13
0
Баласын бейтаныс жігітке беріп кеткен келіншек ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін - Көкек ана. "31 арна" кадры
Көкек ана. "31 арна" кадры

Баласын алғаш рет кездесіп отырған жігітіне "сыйлап" кеткен Екібастұздың 19 жастағы тұрғыны ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір баланы анасында қалдыру немесе жетімдер үйіне беру мәселесі қаралып жатыр. "Жас келіншекке қатысты материалдың барлығы облыстық білім басқармасына қарасты кәмелетке толмағандар мен балалардың құқығын қорғау ісі бойынша комиссияның қарауына жіберілді. Комиссия баланы анасына қалдыру керек пе, жоқ па, әлде белгілі мерзімге шектеу қою керек пе, соны шешеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz бұған дейін 19 жастағы қыздың бір жігітпен кездесуге сегіз айлық сәбиімен және баланың заттары салынған пакетпен келгенін хабарлаған болатын. Бір сәтте қыз жігіттен сәбиін көтере тұруды сұрайды да, қашып кетеді. Жігіт қыздың келуін күтпей, полицияға барып, тастанды бала туралы айтып берген. Қазіргі уақытта сәби облыстық балалар ауруханасында. Оны дәрігерлер қарап, денсаулығына еш зиян келмегенін айтты.

Қыз балалардың заттары салынған пакетте банк карточкасын қалдырып кеткен, оның кім екені сол бойынша анықталды. Келіншек екі күннен соң автовокзал ауданында өткізілген іздеу шаралары кезінде ұсталды. Екібастұз қаласының тұрғыны Павлодар қаласына жұмыс іздеп келіпті. Оның қиын тұрмыстық жағдайға қалай түсіп қалғаны хабарланбай отыр. Осы дерек бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай