15 сәуір 2021 | 13:25

"Балқашқа дейін барады": Алматы облысында коттедждер мен көлік өртеніп кетті

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, коттедждер мен балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Бір адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, коттедждер мен балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Бір адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеоны оқырмандар Tengrinews.kz редакцясының WhatsApp нөміріне жіберді.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылады.

Реклама
Реклама

"Завидоводан" (балық аулау базасы - авт. ескерт.). Бүкіл дельта (Іле өзені - авт. ескерт.) Аралтөбеден бастап, ондаған шақырымға дейін өртеніп кетті. Түнде базаларда халық кезекшілік етеді. Қараөзек ауылы (Балқаш ауданында - авт. ескерт.) өртенді. Балқашқа дейінгі жағлаудың бәрі өртенді. "Завидово" да", - дейді оқырман.

Фото: Tengrinews.kz оқырмандарынан

Тағы бір оқырман "нағыз экологиялық апат" болғанын жазған.

"Мыңдаған гектар қамыс қопалары өртенді. Жануарлар да өртенді. Бірнеше аң және балық аулау базалары өртенді. Малдар мен шошқалар өліп жатыр. Шошқалар қазір құмдарда жатыр, тіпті қашпайды, әлсіреген".

Завидово балық аулау базасының қызметкері Ольга өрт 12 сәуірде таңертең сағат 10-11 шамасында базаға жеткенін айтты.

"Мұндай жағдайда қауіпсіздік ережелерін бәрі біледі. Сондай-ақ өрт сөндіруге арналған техника да бар. Қызметкерлеріміздің арқасында өрт 16.00-ге дейін толығымен оқшауланды, шамамен 10-15 адам өрт сөндіру сорғыларымен өртті сөндірді, гидранттар қолданылды. Бірде-бір ғимарат, бірде-бір қызметкер, қонақтар зардап шеккен жоқ", - деді Ольга.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның алдын ала мәліметіне сүйенсек, өрт Алматы облысының Балқаш ауданында болған. Қазір өрт өзен атырабының батыс бөлігінен Іле өзенінің шығыс бөлігіне балық шаруашылығы субъектілері жоқ Іле-Балқаш резерватына қарай ауысқан.

"Балық шаруашылығы субъектілері емес жеке туристік базалардың өртену қаупі бар. Бүгін таңертең орманшылар әуеден бақылау жүргізеді, сондықтан қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деп түсіндірді Самал Ибраева.

14 сәуірдегі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Балқаш маңы қорықшасында болған өрт салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне залал келген.

Алматы облысы ТЖД Балқаш ауданында 12 сәуірде өрт шыққанын хабарлады. Сол кезде ТЖД жедел штабы құрылған. Бүгін, 15 сәуірде, өрт әлі жойылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная