24 сәуір 2022 09:55

Балқашта ер адам пойыз астына түсіп, аяғынан айырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©Тұрар Қазанғапов

Балқашта теміржолшы пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған. Пойыз жақындаған кезде қашуға үлгермей қалған, - деп хабарлайды Patriotnews.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта теміржолшы пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған. Пойыз жақындаған кезде қашуға үлгермей қалған, - деп хабарлайды Patriotnews.

Басылым мәліметінше, пойыз машинисі сағат 23.45-те Балқаш бекетінің 4-жолында бір адамды көріп, бірден пойызды тоқтатуға тырысқан. Бірақ қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Patriotnews мәліметінше, Балқаш бекетінің Желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылғанын айтқан.

Реклама
Реклама

"Ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайдың анық-қанығы соталды тергеу барысында анықталады", - деді Балқаш бекеті Желілік полиция бөлімінің бастығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram