Балқашта мұз құрсауынан төрт балықшы құтқарылды

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Балқаш көлінде мұз бөлініп, 4 балықшыны ағызып әкетті, - деп хабарлайды КТК

Балқаш көлінде мұз бөлініп, 4 балықшыны ағызып әкетті, - деп хабарлайды КТК

6 желтоқсанда сағат 14:07-де Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде Балқаш көлінде мұз құрсауынан 4 адам құтқарылды. Мұз бөлініп, оның үстіндегі балықшылар ашық көлге кетіп қалған.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырған. Оқиға болған жерге Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел тобы шықты. Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған. Қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар қысқа уақыт ішінде "Хивус" аэрокөлігімен балықшыларды тауып, 17:35-те оларды жағаға жеткізді.

Құтқарушылар қыс кезінде су қоймасында қауіп-қатер артатынын ескертеді.

"Су айдынындағы мұз үстімен жаяу жүру де, көлікпен жүру де өте қауіпті. Түнгі уақытта балық аулауға және аң аулауға жол берілмейді. Боранды күндері суға шығуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная