Балқаштағы өрт: оқиға орнындағы жағдай қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/almatyobl_tjd Фото:instagram.com/almatyobl_tjd

Іле-Балқаш резерватының жану аумағы қазіргі уақытта өртсөндірушілердің күшімен 120 гектарға дейін төмендеді. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектар болды, оның ішінде сөндірілгені - 6080 гектар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағындағы 6-шы кварталда алдын ала 120 га алаңда сөндіру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Метеорологиялық жағдай: бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +16 С, оңтүстік-шығыс жел 1 м / с.

Реклама
Реклама

"Жануды сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 2023 жылғы 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ, "Іле-Балқаш "РММ 25 адам және 10 техника, 8 адам және 4 орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная