Балқашта мектеп баспалдағында құлаған балаға ота жасалды

Балқашта мектеп баспалдағында құлаған балаға ота жасалды © Misto.KH.UA

Бал?ашта мектеп о?ушысы сыр?ана? ая?киіммен баспалда?та ??лап кеткен. № 16 мектепті? 5-сынып о?ушысыны? сол с?тте м??аліммен бірге екінші ?абаттан бірінші ?абат?а т?сіп бара жат?аны белгілі болды. Зардап шеккен о?ушы олардан біраз артта ?алып, ?зі т?сіп келе жат?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балқашта мектеп оқушысы сырғанақ аяқкиіммен баспалдақта құлап кеткен. № 16 мектептің 5-сынып оқушысының сол сәтте мұғаліммен бірге екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп бара жатқаны белгілі болды. Зардап шеккен оқушы олардан біраз артта қалып, өзі түсіп келе жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл үзіліс кезінде болды. Мұғалім балалармен екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп келе жатты. Содан оқушы сыныпта затын ұмытып кетіп, қайта келгенде мұғалім қалған балалармен түсіп кете берген. Олар орта буынның оқушылары ғой, өз беттерінше жүре алады. Ол  сыныптастарын қуып жетіп аламын деп баспалдақта сырғанап кеткен болар", - деп хабарлады мектептегілер.

Зардап шеккен мектеп оқушысы бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған бас жарақатын алды деген диагноз қойған.

Реклама
Реклама

"Балаға ауруханада ота жасалды, қазір жағдайы тұрақталған сияқты", - деді мектептегілер.

Сондай-ақ, педагогтер сол сәтте оқушылармен бірге төменгі қабатқа түсіп бара жатқан мұғалімнің бұл жағдайға кінәлі емес екенін айтады. Мектеп әкімшілігіндегілердің айтуынша, 5-сынып оқушысы жазатайым құлап кеткен және оны сол сәтте баспалдақта ешкім итерген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама