09 тамыз 2022 12:52

Балық аулайтын торды жұтып қойған. СҚО-да тұрғындар аққуды құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка ауылының тұрғындары балық аулайтын қармақтың ілмегі мен ауды жұтып қойған аққуды аман алып қалды. Аяғына, мойнына және денесіне ау оралып, тыныс алуы қиындаған құс адамдарға өзі жүзіп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жергілікті пабликте жарияланған видео сыртында ер адамдар құтқару операциясы туралы айтып тұрғаны естіледі. Ал аққу болса адамдардың ұстағанына еш қарсылық танытпайды.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары аққуды елеусіз қалдырмай, көмекке ұмтылғандарға алғыс білдіріп, жарақат алған құстың тағдырына алаңдап, жүздеген пікір қалдырған. Ал аққу келесі күні де сол жағалау маңайында жүрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram