Бангкок - Алматы рейсінде мас күйде шатақ шығарған адам жазаланды

Бангкок - Алматы рейсінде мас күйде шатақ шығарған адам жазаланды Иллюстрациялық сурет © kn.ks.ua

39 жастағы қазақстандық Бангкок - Алматы рейсіндегі ұшақта шатақ шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерадам Алматы әуежайындағы полицияның желңілік бөлімшесіне жеткізілді.

"Ер адам мас болған және ұшақ бортында темекі шеккен, жолсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, былапыт сөз айтқан, мұндай әрекеттерімен жолаушылардың тыныштығын бұзған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ер адамның жеңіл деңгейде мастығы болған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жарнама
Жарнама

Ер адамға қатысты бұзақылық пен мас күйде көпшілік орында жүру бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жекелеген көпшілік орында темекі шегу тыйымын бұзу дерегіне қатысты әкімшілік материал Азаматтық авиация комитетіне берілді. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама