09 қазан 2023 | 10:20

Бас прокуратура ҚТЖ-дағы заңсыз қаржыландыру дерегі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 миллион теңгеден аса сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 миллион теңгеден аса сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 миллион теңгеден аса сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, соталды тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная