21 қараша 2023 | 17:02

Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында Асылов әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер қоғамды дүрліктіргенін айтты.

Реклама
Реклама

"Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.

Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр. Биыл отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайтылды, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салынды", - деді Асылов.

Ол полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шағымын қарау жұмыстары қайта құрылғанын түсіндірді.

"Нәтижесінде, үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған жанжал шығарушылар саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін көбейген. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені және ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды. Тәртіп орнатуда бізге қоғамның, әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет", – деді Бас прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная