03 қараша 2023 | 09:15

"Басе" YouTube-арнасының авторларына неге іздеу жарияланған? ІІМ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: qamqor.gov.kz

ІІМ "Басе" YouTube-арнасының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға неге іздеу жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ "Басе" YouTube-арнасының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға неге іздеу жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында "Басе" YouTube-арнасында заңға қайшы контент анықталғаны айтылған.

"Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады", - деп хабарлады ІІМ.

Реклама
Реклама

Бұл ретте 2014 жылы Ақтөбе соты Наталья Садықованы жала жапқаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған болатын. Ол кезде оның үстінен кәсіпкерден жеке шағым түскен.

"Одан әрі баптың қылмыссыздандырылуына және әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылуына байланысты іздеу тоқтатылды", - деп түсіндірді министрлік.

Бұған дейін "Бәсе" YouTube-арнасының авторларына Қазақстанда іздеуге жарияланғаны хабарланған болатын. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная