25 қыркүйек 2023 | 10:51

Баспалдақтан құлап кеткен: Астанадағы мектеп оқушысының жағдайы туралы не белгілі?

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Елорданың Білім басқармасы бір күн бұрын баспалдақтан құлап кеткен мектеп-гимназия оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елорданың Білім басқармасы бір күн бұрын баспалдақтан құлап кеткен мектеп-гимназия оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім басқармасы мәліметінше, Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен.

Реклама
Реклама

"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін біледі, жағдайы тұрақты. Комаға түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Басқарма қызметкерлері мектеп баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын түсіндірді. Қазір басқарма мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде баспалдақтан құлаған баланың үш күн бойы комада жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная