17 мамыр 2024 | 17:26

Басына диван құлаған: Ақтау тұрғынының өліміне кінәлі ешкім табылмаған

видео кадры

Ақтауда 39 жастағы ер адамның өліміне кінәлі адам табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 39 жастағы ер адамның өліміне кінәлі адам табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы қаңтарда Ақтаудағы 11-шағынауданда тұрғын үйден өтіп бара жатқан адамның басына диван құлап кеткен. Зардап шеккен ер адам ес-түссіз күйде табылды. Мойын омыртқасының сынған адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. 2023 жылғы тамызда ер адам ауруханада қайтыс болды.

Оқиғадан бері бір жылдан астам уақыт өтсе де, қайғылы жағдайға кінәлілерін әлі таба алмайды. Бұл туралы марқұмның туысы хабарлады.

Реклама
Реклама

"Кінәлілер әлі табылмай жатыр. Диван қай пәтерден құлағаны белгілі, онда ерлі-зайыпты мен екі қызы тұрады. Есікті қаққан сәтте үйде балалар болған, ал күйеуі мен әйелі дүкенге кеткен. Тергеу жүріп жатқанына бір жыл бес ай өтті. Біз де кінәліні табуға тырысып жатырмыз, бірақ күн өткен сайын қиындап барады. Қанша күш жұмсадым, көмек сұрадым, бірақ полицейлер штатта маған қажет мамандары жоғын айтты", - деді қайтыс болған адамның туысы.

Маңғыстау облысының полиция департаменті Қылмыстық іс бойынша мерзімдер 2023 жылғы қыркүйекте тоқтатылғанын хабарлады.

"2023 жылғы 13 қаңтарда осы дерек бойынша Ақтау полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Соталды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 2023 жылғы 14 қыркүйекте Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша мерзімдер үзілді (күдікті адам анықталмағандықтан). Қабылданған шешіммен Ақтау қаласының прокуратурасы келісті", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.

Сонымен қатар, полицейлер қазір бұл қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная