12 желтоқсан 2022 | 09:10

Батыс Қазақстандағы өзенде 20 шақты киік қырылып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/bukenov_aibolat

Батыс Қазақстан облысындағы өзенде мұзға қатып, 20-ға жуық киік қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысындағы өзенде мұзға қатып, 20-ға жуық киік қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жануарлардың видеосын блогер Айболат Бөкенов Facebook және Instagram-парақшаларында жариялады. Видео Қазталов ауданы, Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген.

Реклама
Реклама

Қазталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев ақбөкендер шынымен де өзеннен өтпек болғанда су қоймасында қырылып қалғанын айтты. Жануарлар суға түсіп, одан шыға алмай қалған.

"Мұз өте қалың. Қазір бұл жерде "Охотзоопром" және Бөкейорда табиғи резерваты қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жануарлар өлексесін мұздан кесіп алады. Осыдан кейін акт жасалып, олар жойылады", - деді әкім.

© Facebook/Айболат Бөкенов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная