Батыс Қазақстанда ер адам әйелін сыйламағаны үшін қамауға алынды

©Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны өз әйелін сыйламағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырым аудандық соты С. есімді азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады, ол отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қайшы әрекет жасаған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өз үйінде мас күйде әйеліне қарата былапыт сөз айтқан.

"Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 73-бабы бойынша айыпты жеп танылды, сот оны үш тәулікке қамауға алу туралы жаза кесті", - деді сот өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама