Батыс Қазақстандағы жол апаты: Жүргізуші оқиғадан бұрын куәлігінен айырылған

©Медет Медресов/mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында автобусты төңкерген жүргізуші жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды "Мой город". Еске салайық, автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 6 сәуірде Ақтөбе - Орал автожолында болды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі жүргізу куәлігінен 3 жылға айырылды. "Бір апта бұрын ол тәртіп сақшыларының назарына түсті. Ер адамың құжаты болмады. Оның үстіне ол мас күйде тізгінге отырған", - деп хабарлады ІІД баспасөз өкілдері. Әкімшілік сотының шешімінің заң күшіне енуіне дейін, бұл 15 күн, ер адамға уақытша жүргізу куәлігі берілді. Осы 15 күн ішінде ол Шымкентке барып келіп үлгерді, ал соңғы сапарында автобуспен жол-көлік оқиғасына түсті. Қазіргі уақытта жүргізуші Сырым орталық ауруханасында.

Еске салайық, автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 6 сәуірде сағат шамамен 05.30-да Сырым ауданының аумағында, Алғабас ауылына жақын жерде болды. Автобус Мәскеуге қарай бағыт алған. Оның салонында жүргізушіні қосқанда 64 адам болды. Апатта төрт адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, автобус көпірден ұшып кеткен.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама