16 мамыр 2014 08:43

Байқоңырдан ұшырылған "Протон" апатқа ұшырады

Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Жұма күні түнде (Астана уақытымен 3:42) Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған бортында ресейлік "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигі бар зымыран тасығыш "Протон" апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша ғарыш кемесі Қазақстан аумағынан сырт жерге, Алтай аумағына не Тынық мұхитының акваториясына құлаған болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости ақпарат құралына Орталық өкілі Хруничева мәлім етті. Роскосмос таратқан ақпаратқа қарағанда, оқыс жағдай ұшу барысының 540-ыншы секунтында жұмыстың үшінші сатысында орын алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram